Қ.Тоқаев президенттікке үміткер ретінде Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидат ретінде тіркелгені туралы құжаттар Орталық сайлау комиссиясына келіп түсті.

Ол алдағы сайлауға халықтық коалиция атынан түседі. Президенттікке үміткерлерді ұсыну 11 қазанға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан президенттікке ұсынылған Нұрлан Әуесбаев бүгін орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырған еді.