Мемлекет басшысы газ және энергетика мәселелері бойынша кеңес өткізді

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен газ және энергетика мәселелері жөнінде шұғыл кеңес өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиын барысында еліміздің энергетикалық жүйесінің қазіргі жағдайы қарастырылды. Сонымен қатар қысқы жылыту маусымына қатысты мәселелерге айрықша көңіл бөлінді. Кеңес қорытындысы бойынша Президент еліміздің энергетика жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа қуат өндіруші көздерді дамытуға бағытталған кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.