Ауыр сөмкенің орнына планшет ұстау ұсынылды – ҚР оқу ағарту министрлігі

Мектеп мәселесіне қатысты шешімін таппай жүрген проблемалардың бірі – ауыр сөмке. Кітапты жүк қылып асынған кішкентай бүлдіршіндердің жағдайы, көптен бері айтылып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай, Цифрлық даму, инновациялар және аэро-ғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 1-сынып оқушыларына планшет беруді ұсынды. Министрдің айтуынша, мұндай әдіс бірқатар дамыған елдерде, оның ішінде Ұлыбритания, Норвегия, Оңтүстік Корея және Түркия мектептерінде, жақсы нәтиже көрсеткен. Бұған қоса, бұл оқушылар үшін шығармашылық пәндер бойынша өз контентін жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 5 қарашаға дейін планшеттерге қойылатын негізгі талаптар, оның ішінде интернетке қол жеткізуге арналған сенімді сайттар тізімін бекіту, оқушыларға планшеттерді сатып алу мен берудің механизмін анықтауды ұсынды. Планшеттерді сатып алу мәселесі, келесі айдан басталуы мүмкін.

Асхат Аймағанбетов, ҚР оқу-ағарту министрі:

– Дүниежүзінде кең таралған тәжірибе деп айтуға болады. Оның зиян еместігін және планшетте қандай ақпарат болды дегендерді тиісті органдармен жұмыс істеп, барлық тәукелді біз міндетті түрде ескереміз.