Қ. Тоқаев: Атырауды мұнай мен газды терең өңдейтін орталыққа айналдыру қажет

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысына жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент өңір жұртшылығымен кездесіп, қойнауы қара алтынға толы Атырау ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырғанын ерекше атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев мұнайшылардың күрделі кезеңде еңбек еткенін мәлімдеп, оларға алғысын білдірді. «Болашақта аймақтың экономикасын әртараптандырып, Атырауды мұнай мен газды терең өңдейтін орталыққа айналдыру қажет», – деді Мемлекет басшысы.