Қ.Тоқаев: Креативті индустрияға көңіл бөлу керек

Алматы – қастерлі тәуелсіздігіміздің бойтұмары болған қала. Еліміз үшін ең маңызды шешімдер мен құжаттар осында қабылданды.

Тұрғындармен кездесу барысында Мемлекет басшысы көне шаһардың тарихи маңызы мен бүгінгі экономика үшін де елеулі орнын атап өтті. Өйткені Алматы жалпы ішкі өнімнің бестен бірін, яғни бюджеттік кірістің 25% астамын, сондай-ақ сауда-саттықтың үштен бірін қамтамасыз етеді. Мұндағы қайта өңдеу өнеркәсібі 14% өскен. Ал инвестициялардың 70% жылжымайтын мүлік, көлік және сауда саласына бағытталады.

Енді қайта өңдеу, туризм, IT-сала мен креативті индустрияға көңіл бөлер кез жетті. Осы ретте Президент қалалық венчурлық қор құру ұсынысын құптады. Оның алғашқы капиталы 10 млрд теңге болады. Қасым-Жомарт Тоқаев жеке қаражатты да тарту маңызды деді. Сонымен қатар Алматы көшелерінде ескі әрі экологияға зиян тигізетін көліктер жүрмеуі керектігін айтып. Бұл үшін 2025 жылға дейін дизельді автобустардан бас тартуды тапсырды.