loader


Орталық Азиядағы үш елдің президенттері Қ.Тоқаевты құттықтады

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон шалып, Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

Тараптар Қазақстан мен Тәжікстан халықтарының игілігі жолында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін жеткізді. Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің де құттықтауын қабыл алды. Телефон арқылы әңгімелесу барысында қос елдің көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Ол қазақ елі басшысының жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Президент өз кезегінде Садыр Жапаровқа ризашылығын білдіріп, Қырғызстанмен арадағы көпжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайта беретініне ниетті екенін жеткізді.

Сондай-ақ...