loader

Тоқаев 26 қарашада Қазақстан халқына ант береді

Тоқаев 26 қарашада Қазақстан халқына ант береді

Кезектен тыс Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 адам, халықтың 81,31%-і дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде тіркелді. Енді заңнамада белгіленген тәртіппен сайланған Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылады. Халық қалаулысы 26 қарашада Қазақстан халқына ант береді.

Айта кетейік, сайлауда Жигули Дайрабаев 3,42%, Мейрам Қажыкен 2,53% және Қарақат Әбден 2,6% дауыс жинады. Ал 2,22%-і Нұрлан Әуесбаевты, 2,12%-і Салтанат Тұрсынбекованы таңдады. Сондай-ақ 5,8%-і барлығына қарсымын бағанасын белгіледі.

Нұрлан Әбдіров, ҚР ОСК Төрағасы:

- Бюллетень алған сайлаушылардың жалпы саны 8 млн 300 мың 46 немесе 69,44%. Есептен шығару куәліктерін - 13 мың 282 адам алды.Үй жайдан тыс дауыс берген азаматтар саны - 112 мың 969 адамды құрады.

 

Сондай-ақ...