Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қарашада ресми сапармен Ресей Федерациясына барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда Мемлекет басшысы Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Одан кейін екі елдің көшбасшылары Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады деп жоспарланған. Ал, 29-30 қараша күндері Мемлекет басшысы ресми сапармен Францияға барады. Парижде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Эмман-юэль Макронмен кездесуі жоспарланып отыр. Қазақстан пен Франция президенттері келіссөздерінің барысында екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның, іскер топ өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.