Тоқаев Қазақстан Республикасының Болгария, Литва және Албаниядағы Елшілерін тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Болгария, Литва және Албаниядағы Елшілерін тағайындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысының жарлығымен, Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстанның Болгариядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Еліміздің Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. 

Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Тимур Бейбітәліұлы Оразаев  тағайындалды. Ал, Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып,  Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев тағайындалды.

Сондай-ақ ол еліміздің Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарады. Бүгін сондай-ақ Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин тағайындалды.

Ол Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды. Ал,  Қазақстанның Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Теміртай Рымтайұлы Ізбастин қызметінен босатылды.