Жаңа министрлер ант берді

Жуырда тағайындалған жаңа министрлер бүгін Үкімет отырысында ант қабылдады. Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы Конституциялық заңға сәйкес Азамат Есқараев, Марат Қарабаев, Зүлфия Сүлейменова, Ғани Бейсенбаев пен Асхат Оралов өздерінің жаңа қызметтегі бағыты бойынша Президент және халыққа адал қызмет етуге ресми түрде ант етті, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Айта кету керек, Мемлекет басшысының жарлығымен Премьер-Министрдің кеңсесі «Үкімет аппараты» болып қайта құрылды.