Қ. Тоқаев: Партиялар – азаматтық қоғамның басты тірегі
Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын Сенат Төрағасы лауазымына ұсынды.
Президент Мәулен Әшімбаев бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарғанын айтып, Сенат Төрағалығына лайықты деп санайтынын жеткізді. Сондай-ақ, жиында алдағы сайлаудың маңыздылығын тілге тиек еткен Президент "Саяси жүйені орнықты дамыту ісінде партиялар маңызды рөл атқарады. Осы орайда, елімізге жауапкершілігі жоғары партиялар қажет. Олар халықтың мүддесін тиімді қорғай білуге тиіс, - деді. Мемлекет басшысы партиялар жұртшылықтың талап-тілегіне жете мән беріп, жүйелі жұмыс жүргізуі қажет екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Салмақты саяси күштер халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, нақты мәселелерін шешуге ерекше назар аударады. Әлеуметтік маңызы бар идеялар мен бастамаларға барынша көңіл бөледі. Еліміздегі партиялардың көпшілігінде мемлекетшілдік ұстаным бар. Бұл – жақсылықтың нышаны.