Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек – ҚР Президенті
Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайды.
Заңға қайшы келмейтін барлық іс-әрекетке рұқсат беріледі. Дегенмен, бір нәрсені бәріміз қаперде ұстауымыз керек. Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек. Мемлекет басшысы Сенатта сөйлеген сөзінде осылай деді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше аптадан кейін саяси науқан басталып, кандидаттар үгіт-насихат жұмысына кірісетінін атап өтті.
Осы орайда "Үміткерлер қоғамға іріткі салатын әрекеттен аулақ болғаны жөн. Аңдамай айтылған артық сөз немесе ойланбай жасалған оқыс қадам бүкіл елдің болашағына кесірін тигізеді. Әрбір отандасымыз осыны дұрыс түсінуге тиіс", - деді Президент.
Үміткерлер қоғамға іріткі салатын әрекеттен аулақ болғаны жөн. Аңдамай айтылған артық сөз немесе ойланбай жасалған оқыс қадам бүкіл елдің болашағына кесірін тигізеді. Әрбір отандасымыз осыны дұрыс түсінуге тиіс.