Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады.

Денис Шипп Президентке еліміздегі судьялар корпусының жай-күйін баяндады. Оның айтуынша, судьялар корпусының құрамын қайта жаңарту мақсатында қабылданған шаралар нәтиже бере бастаған. Былтыр судьялық қызметке ұсынылғандар саны сот жүйесінен кеткен судьялардың санынан асып түскен. Мемлекет басшысының сот жүйесіне нақты сала мамандарын тарту жөнінде берген тапсырмасына орай,  құқық саласындағы заңгерлер арасында конкурс өткізілген. Енді оның жеңімпаздары бірден облыстық соттың судьялары бола алады. Кездесу соңында Президент, бірқатар нақты тапсырма беріп, сот жүйесіндегі реформаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.