Қ. Тоқаев SCAT әуе компаниясының президентін қабылдады
2030 жылға қарай SCAT компаниясының әуе кемелері паркі кеңейіп, ұшатын бағыттары көбейеді. Мемлекет басшысының қабылдауында болған әуе компаниясының президенті Владимир Денисов осылай деді.
Сондай-ақ ол Шымкенттегі авиациялық хаб құрылысының барысы жайында баяндады. Және компанияның өткен жылы атқарған жұмыс нәтижелері мен алдағы жоспарларына тоқталды. Президент әуе компаниясының қызметін оң бағалап, даму стратегиясын қолдады. Әуе тасымалы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелеріне назар аударды.