Тоқаев «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады.

Кездесуде ұйымның былтырғы атқарған жұмыстары мен биылғы жоспары баяндалды. Бірлестік төрағасы Президенттің бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалардың жүзеге асуына  «Ардагерлер ұйымы» да атсалысып жатқанын жеткізіп, елдің әлеуметтік-экономикалық бағытына қатысты бірқатар ұсынысын айтты.