Қазақстан Түркияға көмек көрсетеді
Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, жойқын зілзаладан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдегі жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан Түркияға шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлер жіберуге әзір.