Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысы келді

Елімізге АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ресми сапармен келді.

Бұл мәртебелі қонақтың Қазақстанға алғашқы сапары. Мемлекеттік хатшыны Елордада Президент Қасым Жомарт Тоқаев қабылдайды. Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізеді. Блинкеннің қатысуымен Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының “С5+1” форматындағы министрлік кездесуі өтеді.