Президент Мәдениет және спорт министрі А.Ораловты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2025 жылға дейін мәдениет және мұрағат ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен өседі.
Сол уақытқа дейін елде 113 спорт нысаны салынады. Мұны Президенттің қабылдауында болған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты. Министрлік отандық авторлардың театрдағы қойылымдарының санын арттыруды және қазақстандық фильмдер түсіруді жоспарлап отыр. Биыл алғаш рет жас жазушылар мен ақындарға арналған әдеби сыйлық табысталады. Сондай-ақ қазақстандықтар үшін туристік кэшбек енгізу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы ішкі және сыртқы туризмді одан әрі ынталандыру, инвестиция тарту шараларын қабылдауды тапсырды. Бұқаралық спортты қолдап, спорттық инфрақұрылымды қолжетімді ету қажет екенін атап өтті.