Президент Иордания Королімен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары бір-бірін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен құттықтады. Сондай-ақ мемлекет басшылары Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынастың болашағын талқылап, тұрақты байланысты жалғастыруды уағдаласты.