Президент «Теңізшевройл» компаниясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Президент «Шеврон» корпорациясы Қазақстанмен бірлескен кәсіпорын ашқан алғашқы шетел компаниясы екенін атап өтті. Бүгінде «Теңізшевройл» жетекші халықаралық компания ретінде еліміздің экономикалық дамуына табысты үлес қосып келеді. Компания 30 жыл ішінде елге 70 млрд доллар инвестиция құйып, бюджетке 160 млрд доллардан астам кіріс әкелді. Сондай-ақ «Шеврон» тауарлар мен қызметтердің 70 пайызын жергілікті өнім жеткізушілерден сатып алады. «Теңізшевройл» жұмысшыларының 95 проценттен астамы Қазақстан азаматтары» деді Қасым Жомарт Тоқаев. Кәсіпорын ширек ғасырдан астам уақыт ішінде 100-ден астам ірі әлеуметтік жобаны іске асырған. Салтанатты жиын барысында кәсіпорынның бірқатар еңбек ардагері Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті:

- Шеврон корпорациясы Қазақстанмен бірлескен кәсіпорын ашқан алғашқы шетел компаниясы. Компанияның құрылуы 30 жыл бұрын шын мәнінде үлкен бетбұрыс болды. Қазақстан бүкіл халықаралық қауымдастыққа, шетелдік инвесторларға тартымды мемлекет ретінде өз есігін ашты. Біз осы ынтымақтастық арқасында Еуразия құрлығында мұнай өндіретін ірі мемлекетке айналдық. Қазір еліміз жыл сайын 70 млн тонна мұнайды шетелге сатып жатыр. Бұған біздің серіктестеріміз де өз үлесін қосып келе жатқаны сөзсіз.