Қазақстан және Әзербайжан президенттері АХҚО-ға барды

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Астана халықаралық қаржы орталығына барды.

Қос ел басшысы ондағы Халықаралық соттың жұмысымен танысты. Аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл Холт, Орталық Азиядағы ағылшын құқығы нормалары мен қағидаттарына негізделген, ең алғашқы сот жүйесі туралы баяндады. Ол соттың азаматтық және коммерциялық дауларды шешу үшін ең үздік халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтінін жеткізді. Президенттер Венчурлық қаржыландыру және технологиялық инновацияларды дамыту жөніндегі хабтың қызметін де көрді. Сондай-ақ орталыққа тіркелген компанияларды «бір терезе» қағидаты бойынша қолдау туралы мәлімет берілді. Ал шара соңында Әзербайжан Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.