Тоқаев Еуропалық Кеңес президентімен кездесті
«Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммиті аясында Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентімен кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге Қазақстан Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестікке баса мән беретінін атап өтті. Еліміздің Одақпен жасаған кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімі берік қарым-қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашты. Бүгінде Еуроодақ Қазақстанның жетекші сауда серіктесі және экономикамыздың ең ірі инвесторы. Өз кезегінде Шарль Мишель арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалап, өзара байланысты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеу керек екенін атап өтті. Сосын тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.