Президенттің Германияға ресми сапары басталды
Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары басталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Федералды Канцлер Олаф Шольцпен және Федералды Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді. Сонымен қатар Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында Президент халықаралық БЕРЛИН ГЛОБАЛ ДАЙЛГ форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қауымдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.