Президент Үштөбедегі гуманитарлық колледжге барды

Президент Үштөбедегі гуманитарлық колледжге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбе қаласындағы 30 орындық жатақханасы бар гуманитарлық колледжге барды.

Биыл ашылған білім ордасы болашақ педагогтерді оқытады. Мұнда «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру педагогикасы және әдістемесі» мамандықтары бойынша білім беріледі. Оқу орнында 17 заманауи аудитория, мәжіліс және спорт зал, медициналық кабинет, асхана мен буфет бар. Колледж инклюзивті орта талаптарына сай жабдықталған.