Бүгін Тоқаевқа Үкімет басшысының кандидатурасы ұсынылады

Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылады – делінген хабарламада.