Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Мемлекет басшысы Мәжілістегі саяси партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасын фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты. Талқылауға 6 фракцияның жетекшісі түгел қатысты. Бірер сәттен кейін Премьер-Министрдің кандидатурасы мақұлданады деп күтілуде.