Қ. Тоқаев: Үкімет жұмысына жаңа серпін қажет
«Ел экономикасы былтыр 5,1 пайызға өсті. Ең бастысы, еліміздің даму қарқыны бәсеңдеген жоқ».
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Жиында еліміздің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды. Президент енді Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажеттігін айтты. «Мақсат Қазақстан экономикасының көлемін 2029 жылға қарай 450 миллиард долларға жеткізу керек. Яғни, нақты меже бар. Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек деген сөз. Сондай-ақ макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек», - деді Президент. Сондықтан әрбір қадамды жан-жақты, мұқият ойластырып, батыл әрекет ету қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біз 2029 жылға қарай экономикамыздың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Яғни, нақты меже бар. Енді тек жұмыс істеу қажет.