Тоқаев Ресейге барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ресей Федерациясына барады.
Президент Қазан қаласында өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысады.
Аталған іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысады деп жоспарланған.