Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алды

Ел қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Дзюдодан 66 келі салмақта белдескен Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды 24kz.

Жартылай финалда ол бразиялық Виллиан Лимаға есе жіберген болатын. Алайда үшінші орын үшін таласта серб спортшысы Страхинья Бунчичтің жауырынын жерге тигізді. Осылайша, байрақты бәсекедегі үшінші жүлдені қазақ дзюдошылары алып берді. Белдесудің қалай өткенін жарыстың басы-қасында жүрген арна тілшісі Аслан Қаженовтен білейік.