Өскеменде атом саласы мамандарын дайындайды
Еліміздің шығыс өңірінде атом энергетикасына қажетті кадр даярлайды, деп хабарлайды 24KZ.
Өскеменде осы сала бойынша жаңа оқыту жүйесін енгізу жайы талқыланды. Болашақ энергетиктерге білім беру бағдарламасын Ұлттық ядролық орталық физиктері, жергілікті жоғары оқу орындары мен металлургиялық зауыт өкілдері бірлесіп дайындайды. Қазір қазақстандық бірнеше ядролық физик Ресейдегі атом реакторларында қызмет етеді. Өскемендегі техникалық университет студенттері халықаралық үлгідегі диплом алу мүмкіндігіне ие. «Сондықтан елімізде атом электр стансысы салынса, инженер мамандардан тапшылық болмайды», – дейді техника ғылымдарының кандидаты, профессор Сәуле Рахметуллина.
Сәуле Рахметуллина, техника ғылымдарының кандидаты:
- Келесі жылдан біз ядролық химияны да қосамыз және басқа да білім беру бағдарламаларын енді кеңейтеміз. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, қазір қоғамдық талқылау деп айтады ғой, «коллегиальное обсуждение» өтті, енді референдум өткен соң ондай шешім қабылданса, осы бағыт бойынша мамандар өте керек болады.