Президент «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешовты қабылдады.

Кездесуде биылғы жұмыстың қорытындысы туралы есеп берілді. Қазір “Алматы – Байсерке – Талғар» газ құбырының екінші желісі, сондай-ақ Алматыдағы екінші және үшінші жылу электр орталықтарының газға арналған инфрақұрылымын жасақтау жұмыстары аяқталды. Бұдан бөлек, «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры салына бастады. Өзбекстанға газ тасымалдау көлемін ұлғайту үшін «Орта Азия – Орталық» жүйесін жаңғырту бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ел экономикасындағы тауарлы газды тұтыну көлемінің еселеп артуын ескере отырып, аталған саланың геологиялық барлау жобаларын жүзеге асыруға шетелден инвестиция тартылған. Бұл іске Chevron сынды компаниялар атсалысып жатыр.