Президент ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады
Президент ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер көрмесін тамашалады.
Мемлекет басшысына егін және мал шаруашылықтарындағы, басқа да маңызды бағыттардағы инновациялық шешімдер мен жетістіктер таныстырылды. Көрмеде терең өңделген өнімдер, заманауи агротехнологиялар, инвестициялық, соның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар ұсынылған. Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам адам жиналды. Шараға агрохолдинг өкілдері, фермерлер мен инвесторлар қатысты.