Еліміздің басым бөлігі боранның қыспағында қалды
Қарлы боран үдеп, қозғалыс қиындады.
Арқадан басталған ақ түтек боран еліміздің көптеген өңірлерін өз қыспағына алды. Коммунаплдық қызметтер күні түні қармен арпаласып жатыр.
Бүгін Астанада 9-сыныпқа дейінгі бірінші аусымдағы балалар қашықтан оқитын болды. Елдің солтүстік өңірлерінен өзге Абай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Қазгидромет мамандары бораннан кейін алдағы күндері қатты аяз болады деп отыр.