Digital Almaty: робототехника мен мультидрондар чемпионаты өтті
First Тех Челлендж чемпионатының жеңімпазы Кипрдегі халықаралық жарысқа жолдама алады.
Аталмыш сайыс ((Digital Almaty)) Диджитал Алматы форумы аясында өтті. Оған қоса шара барысында, мульти дрондар бәсекеге түсті. Ең үздік команда әлем чемпонатына қатысады. Жалпы биылғы цифрлық форум, өнер-кәсіптегі түбегейлі өзгерістер мен жасанды интеллектінің ықпалына арналды.
Робототехника чемпионатына қатысуға 20 команда өтініш білдірді. Бәрі аймақтарда үздік шыққандар. Осалы жоқ. Мүшелері 7-8-сыныптан бастап оқитын балалар. Олар жоғары технологиялық роботтар құрып, күрделі инженерлік тапсырмаларды орындайды. Биылғы тақырып суасты әлеміне арналды. Яғни робот өзен-көлдердің түбін қоқыстардан тазалауы шарт.
Мұхаметжан Төлеубек, оқушы:
- Осы жылдың категориясы су астындағы әлем. Көріп отырғаныңыздай поляның ішінде кубиктер жатады квадратный. Ол кубиктер су астындағы мусор сияқты. Біздің роботтар оларды жинап жәшікке апарады немесе немесе іліп қояды. Біздің командамен роботты құрап жақсы ойындар көрсетіп жатырмыз.
Жарысқа Мұхаметжан Төлеубек сияқты 200-ге жуық оқушысы қатысып жатыр. Чемпионаттың жүлде қоры 2 млн теңге. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жас өнертапқыштар халықаралық жарысқа жолдама алады.
Бақдәулет Сәбит, чемпионат комментаторы:
- Жарыстың талаптарына келетін болсақ бұл жерде роботтар сэмбл деген кішкентай құралды жинап солар арқылы ұпай алады. Ұпай жинаудың екі тәсілі бар. Ол баскетке салу немесе клипс ретінде ілу деген. 0705 Жалпы балалардың дайындығы жаман емес. Себебі бұл жерде таңдаулы командалар өткен. Бұл жарысқа қатысу үшін де квота ұттық.
Форум аясында өтіп жатқан тағы бір шара мульти дрондар чемпионаты. Ол екі санатта өтті. Бірі - дронды кедергілерден өткізу, екіншісі дрондармен футбол ойнау. Оған 100-ге жуық адам 42 команда болып сынға түсті. Дронды басқаруда үздік нәтиже көрсеткен ұжым арнайы сыйлыққа ие болды.
Қобыланды Махамбетқали, жоба жетекшісі:
- Біздің болашақ дрондармен өте тығыз байланыста болады дегн ойдамын. Дрон жарыстарында арнайы қақпалар бар. Ол жерде формула мен аналогия жүргізсе болады. Яғни дронда белгілі бір жолды қақпалар арасынан тез жылдамдықпен өту керек. Жеңімпаздарға арнайы сыйлар бар. Ол ақшалай түрде емес сыйлық түрінде ол жерде бізде арнайы көзілдіріктер, пульт және дронның өзі. Жеңген бала өзін дамыту үшін мүмкіндіктерін.
Дрон футболдан жеңімпаз атанған команда Оңтүстік Кореядағы чемпионат жолдамасына ие болады. Оған қоса жарыс жүлдегерлеріне елдегі техникалық жоғары оқу орындарынан грант беріледі. Ал роботехника чемпионатында Digital Ministry Cup кубогын 4 команда бөліп алды.
Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Жакупов