Қазіргі таңда Қазақстанда оқушылардың 61 пайызы бірегей мектеп формасын киеді екен. Бұл үрдіс елімізде 2003 жылдан бастап енгізіле бастады. Нәтижесінде бүгінде 4500-ге жуық мектепте біркелкі киім кию ережесі бекітілген. Бұл формалардың 12 пайызы ғана отандық фарбикаларда тігілген. Ал қалған импорттық тауарлар қайдан келеді? Жалпы мектеп формасының балаңыз үшін зиянды жағын ойлап көрдіңіз бе? Ол қаншалықты қауіпті болуы мүмкін?