ШҚО-да оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
![ШҚО-да оқушылар қашықтан оқуға көшірілді](/media/k2/items/cache/f8b06c59b9f44454427239eaa9e7c7da_XL.jpg?t=20240110_070228)
Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында қалың қардың салдарынан мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.
Таулы өңірде осымен екінші күн қатарынан толассыз қар жауып тұр. Қаңтар басталғалы 1 аптаның ішінде ақұлпаның айлық мөлшері түскен. Тазалау жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Әкімдік қала көшелеріндегі омбы қар алдағы тәулікте толықтай қала сыртына шығарылатынын айтады.