Астанада 130 млн теңгеден астам ақша жымқырған мектеп есепшілері сотталды
![Астанада 130 млн теңгеден астам ақша жымқырған мектеп есепшілері сотталды](/media/k2/items/cache/8cd477e7e1987f997e57680791203727_XL.jpg?t=20240430_094729)
Астанада 130 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған мектеп есепшілері сотталды.
Олар жұмыс істемейтін қызметкерлердің атына 7 жылдан бері заңсыз жалақы мен сыйақы аударып келген. Тергеу барысында есепшілер өз кінәсін толық мойындап, 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сондай-ақ мемлекетке келтірілген жалпы шығын сотталғандардан толық өндірілді.