Елде 113 ғылыми-техникалық жобаны жүзеге асыруға қаражат бөлінеді
Олардың ішінде экология, энергия, озық материалдар мен көлік, цифрлық және ғарыштық технологиялармен тағы басқа да экономика үшін басым бағыттар қамтылған.
Бүгін Премьер-министр Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысын өткізді. Олжас Бектенов, ғылыми зерттеулерді қолданудың нақты нәтижесін іс жүзінде көруіміз керек, деді. Осылайша Мемлекет басшысы жолдауда қойған міндеттерді іске асыру маңызды екенін ескертті.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Нақты жаңа форматқа көшудеміз. Хакатон. Яғни біздің жетекші ғылыми-зерттеу институттарымыз, ЖОО-мыз енді бір аптадай өндіріске барып, нақты әр өндірістік процестерді зерттеп, талдап, сол қолданбалы форматтағы нақты мәселелерді алып кетуде. Тек қана 113 тапсырманы бүгінгі комиссияның қарауына шығарып отырмыз. Соның 10 пайызы – 11 тапсырма хакатонның нәтижелерінде.