Ғалымдарымыз бидайдың құрғақшылыққа төзімді түрін шығарды
Солтүстік Қазақстан облысының ғалымдары жұмсақ сұрыпты бидайдың құрғақшылыққа төзімді түрін шығарды, деп хабарлайды 24KZ. Тұқым аймақтың құбылмалы климаттық жағдайына бейімделген. Бидайдың жаңа сорты былтыр облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында егіліп, сапалы өнім берген.
Бүгінде өңірдегі егістік алқаптардың басым бөлігіне ресейлік селекцияның тұқымы себіледі. 37%-не отандық тұқым пайдаланылады. Бұл туралы «ТҰҚЫМ-2025» халықаралық көрмесінде сарапшылар мен агрономдар айтты.
Виталий Заика, облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының басшысы:
- Тұқым шаруашылығы 9 дақыл бойынша жүргізіледі. Оның ішінде жұмсақ сұрыпты бидайдың үш түрі, қатты бидайдың бір түрі бар. Арпа, сұлы, бұршақты дайындауға да мүмкіндік бар. Жалпы биыл облысты 10 мың тонна тұқыммен қамтуға әзірміз.