Түркістан облысында 5 білім беру ұйымы жұмысын тоқтатты
Түркістан облысында мемлекеттік аттестациядан өте алмаған бес білім беру ұйымы жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды 24KZ. Осыған байланысты оқушылар басқа мектептерге ауыстырылды. Ал бірқатар лауазымды және заңды тұлғаларға 16 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері мәлімдеді.
Былтыр мемлекеттік аттестаттауға өңірдегі 498 білім беру ұйымы қатысқан. Соның 417-сі түрлі заңбұзушылықтарға жол беріп, алғашқы сынақтан сүрінді. Ал қайта аттестаттау кезінде олардың 22-сі кемшілікті жоя алмады.
Ғалымжан Алматов, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:
- Қайта аттестаттау кезінде 2 колледждің лицензиясы қайтарылды. Екі балабақшаның хабарламасы тоқтатылды. 1 мектеп жабылды. Яғни аттестаттаудың нәтижесінде 5 білім беру ұйымы жабылды.