Қазақстандағы 20 ЖОО-да ЖИ бойынша білім бағдарламасы енгізілді

Елдегі 20 жоғары оқу орнында жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары енгізілді.

Бұл туралы құзырлы министрліктің мамандары брифингте баяндады. Сонымен қатар саланы цифрландыру бағытында бірыңғай платформа әзірленді. Онда 700 мыңдай студент пен оқытушының, 2,5 миллионнан астам түлектің мәліметтері бар. Дипломдардың бәрі цифрландырылды. Тағы 5 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған. Брифинг барысында мамандар «АІ-Sana» инновациялық бағдарламасы басталғанын атап өтті. Жоба жасанды инттелект саласында адами капиталды дамытуға бағытталған.

Нұрсұлтан Махатов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің департамент директоры:

- Бастама 100 мың студентті қамтып, оларға экономиканың негізгі салаларына ЖИ енгізу үшін білім мен дағдыларды беріледі. Бұл бағдарлама жоғары оқу орындарының білім беруден ғылыми-зерттеу тәсіліне көшуіне ықпал ете отырып, студенттер мен оқытушылардың ойлауын өзгертуге арналған.