Беделді білім байқауларының жүлдегерлеріне сыйақы мен грант берілді
Жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы берілетін халықаралық пән олимпиадаларының қатары көбеюі мүмкін.
Бұл туралы «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының басшысы брифингте айтты. Әзірге мұндай қолдау әлемдегі ең беделді 7 байқаудың үздіктеріне берілуде. Былтыр 26 қазақстандық оқушыға жалпы сомасы 77 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген. Сонымен қатар елдегі жоғары оқу орындарының гранты табысталды. Олардың жетекшілері де мемлекет тарапынан қомақты сыйақы иеленген.
Ғаждембек Тұрсынов, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры:
- Қазіргі таңда жаңа заң қабылданып жатыр. Бұл олимпиадалардың қатары көбеюі мүмкін. Қазір халықаралық ғылыми сайыстардың жүлдегерлеріне де осындай сыйақы қарастырылып отыр. АҚШ-та өтетін бүкіл әлемдік ғылыми көрме бар. Қазақстан оған жылда қатысады. Кем дегенде біз 3 баланы жіберіп отырмыз. Былтыр қатысқан 3 оқушымыз сол жердегі Сауд Арабиясының теңіз қызметкерлерін дайындайтын үлкен университеттің 3 грантын ұтып алды. Міне, осы ІСF-ты біз сыйақы беретін ғылыми конкурсқа кіргізетін болып отырмыз.