Мектеп және колледж директорлары басқару моделін талқылады

Мұғалімдер мен оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнату білім сапасын арттыруға жол ашады.

Мұның шешімі - басқару моделі мен оқу орны мәдениетін қалыптастыруда жатыр. Бұл туралы бүгін «Тиімді басқару нұсқаулығы: Тәжірибе. Стратегия. Әрекет» атты мектеп және колледж директорларына арналған форумда айтылды. Қазір елімізде жалпыға бірдей кәсіби стандарттарды жетілдіріп, ішкі талаптарды жүйелеу арқылы халықаралық аккреди-тациядан өткен мектептер бар. Форумда озық үлгіге қол жеткізген білім мекемелері сабақ беру жүйесін дамытуға бағытталған инновациялық тәсілдерін ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ жиында жасанды интеллекттің білім беру саласындағы ролі, мәліметті дұрыс пайдалану бойынша  нұсқаулықтар ұсынылды.

Әлімжан Игенбаев, SDU ректоры:

- Орта білімнің алдында тұрған ең үлкен мәселеміздің бірі әрине ұрпақ жаңарып жатыр, бүгінгі ұрпақтың деңгейі ойлау жүйесі қабылдау жүйесі басқаша. Сондықтан бүгінгі таңда ммұғалімдер үшін де, сол мұғалімдерді басқарып отырған мектеп директоры үшін де не істеу керек – оқыту әдістемелерін, методикасын да жаңарту талабы күтіліп отыр.