Бірінші дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресінің аймақтық кезеңі өтіп жатыр
Қазақстанда 230 мыңнан астам ерекше қажеттіліктегі бала бар.
Ауыр дертке шалдығып, денсаулығы сыр берген бүлдіршіндер қандай жағдай болмасын, өзге балғындар секілді жалпы білім беретін мектепте оқуға құқылы. Бұл мүмкіндікті жүзеге асыруда инклюзивті білім беру әдісінің септігі зор. Елде ерекше балаларды ортаға бейімдеу, оларды тең біліммен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыс аз емес, - дейді мамандар. Инклюзивті білім берудегі заманауи әдістер бүгін арнайы жиында талқыланды. Астанада бастау алған Бірінші дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресінің аймақтық кезеңі әрмен Көкшетау, Алматы мен Ташкентте жалғасын таппақ. Ал басты іс-шара 15-17 қазан аралығында Алматыда өтеді.
Ермек Мәжитов, бірінші дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресінің басшысы:
- Негізгі мақсаты мұғалімдермен ата-аналармен әлемдік деңгейде қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің Қазақстанның тарапынан қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр, соынмен қатар инлкюзивті балаларды білім саласына қалай дұрыс бейімдеу, және олардың ата-аналарымен, мұғалімдермен қалай жұмыс керектігін білдіру. Және сол бағытта мастер-класстар жүргізілуде.