Елордалық оқушылар жұмысшы мамандықтармен танысып қайтты
Бүгін «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында елордада «Мамандықтар шеруі» өтті.
Еуразиялық гуманитарлық институтының жоғарғы колледжі жоғары сынып оқушыларын негізгі мамандықтарымен таныстырды. Жеткіншектер мектепке дейінгі тәрбие мен білім, мұғалім, аудармашы ісі, құқықтану және туризм саласына үңіліп, қыр-сырына қанықты. Мұндай форматтағы шара оқу жылының соңына дейін жалғасын таппақ.
Гүлбаршын Сатубалдина, Еуразиялық гуманитарлық институты жоғарғы колледжінің әдіскері :
"Бұл шараға қаламыздың 2 мектебінің оқушылары шақырылған болатын. Оларға ең негізгі мамандықтар көрсетіліп, таныстырылып жатыр".
Кәусар Сәдіқұл, №87 мектеп-гимназиясының оқушысы:
"Мен болашақта мұғалім мамандығын аламын. "Әрдайым сұраныста болатын маман. Бұл маманның болашақта биіктен көріне беретініне сенімдімін. Осыған шақырып жатқаны маған өте ұнады. Себебі мен басқа мамандарды да біле аламын".