Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде озық технологиялы зертхана ашылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім беру саласындағы заманауи технологиялар зертханасы ашылды.

Зертханада студенттер өз жобаларын жасап, тәжірибеде қолдана алады. Бұл заманауи білім беру әдістерін дамытуға бағытталған маңызды қадам. Орталықтың ашылуы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырылған дәстүрлі «Ғылым апталығы» аясында өтті. Университет басшылығының айтуынша, озық оқыту әдістері білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Болат Тілеп, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры:

«Біз негізгі акцентті жастар жобаларына, жас ғалымдар жобаларына, оның ішінде студенттер жобалары  стартаптар бар байқау. Робототехника бағытында үлкен байқауы өтеді  осы апталық аясында. Әрине оның барлығының жүлде қоры бар. Бұл ең бірінші біздің студенттерімізді ғылымға бет бұрған жастарымызға деген үлкен мотивация».