Қ.Сәтбаевтың 10 томдық шығармаларының толық жинағы таныстырылды

Астанада Қаныш Сәтбаевтың 10 томдық ғылыми еңбектерінің толық жинағы таныстырылды.

Шараға депутаттар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Басылымға академиктің 1923-1963 жылдар аралығындағы жұмыстары енген. Ғалымның монография, мақала, геологиялық барлау есептері, карталар мен ғылыми-техникалық жобаларының бәрі кітапқа арқау болды. Барлық материалдар хронология және тақырып бойынша жүйеленіп, баспа стандартына сәйкес жасалған. Жинақта академиктің, ғылыми мұрасының ауқымы және оның отандық ғылымның дамуына қосқан үлесі жан-жақты қамтылды.

Алтынбек Нухұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- «Қаныш Сәтбаевтың 10 томдық шығармалар жинағы – бұл ұлы ғалымның ғылыми жолының көрінісі ғана емес, сонымен қатар ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға қосқан маңызды үлесі. Оның әрбір еңбегінде терең ой, стратегиялық көзқарас және өз еліне шексіз берілгендік бар. Бұл жинақ – ғалымдардың жаңа ұрпағына кең көкжиек ашатын, жастардың ғылымға деген ынта-ықыласын арттыратын және болашақ алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыратын білімнің ең құнды көзі. Оның мұрасы ғылымды одан әрі дамыту үшін берік негіз болып табылады және жас қазақстандықтарды туған жерін зерттеуге, ашуға және оған қызмет етуге құлшындырады.