12 cәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні

Бүгін ғылым қызметкерлерінің күні.

Кәсіби мереке осыдан 14 жыл бұрын ресми түрде бекітілген. Атаулы күн ғалымдарға, зерттеушілер мен инновациялық технологияларды дамыту жолында үлес қосқан азаматтарға арналған. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмаған. Дәл осы күні Ғылым академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Көрнекті ғалым-геологтың 800-ден астам ғылыми мақаласы жарық көрген. Қазақтан шыққан тұңғыш академиктің ғылым саласында жолын қуған ізбасарлары да аз емес. Қазір елде 25 мыңнан астам ғалым бар. Оның жартысына жуығы - 40 жасқа дейінгі жас зерттеушілер.