Атырау облысының мектеп басшылары қайта даярлықтан өтті
Атырау облысының мектеп директорлары мен орынбасарлары ауқымды қайта даярлау бағдарламасын аяқтады, деп хабарлайды 24kz.
150 педагог былтыр күзден бастап кадрлық басқару, қаржылық менеджмент, цифрлық трансформация және мектептерді дамыту бағдарламалары бойынша біліктілігін шыңдаған. Сонымен қатар 50 мектеп директоры Эстония мен Финляндияның үздік 12 мектебінде болып, тағылымдамадан өткен. Сондай-ақ Эстония, Финляндия, Түркия, Ресей және Қазақстанға белгілі 40-тан астам сарапшы мен мектеп директоры өңір педагогтарын оқытты. Бүгін жоба өз мәресіне жетіп, қатысушылар марапатталды. «Білімін жетілдірген көшбасшы мамандар енді өңірдегі білім саласының дамуына күш салады», - дейді ұйымдастырушылар.
Нұрлан Қиясов, жоба жетекшісі:
- Бұл – бұрын Атырау облысында болмаған ауқымды, кең көлемді «Атырау жаңа мектебі» атты бағдарлама. Басты мақсатымыз – біздің балаларымыздың, болашақ өскелең ұрпақтың дамуына өз үлесін қосатын сапалы білім ортасын қалыптастыру.