Алматыда білім беру жүйесіндегі қазақ тілінің рөлі талқыланды

Білім беру жүйесіндегі қазақ тілінің рөлі мен оның қоғамда кең таралуы Алматыдағы республикалық дөңгелек үстелде талқыланды, деп хабарлайды 24KZ. Оған Ұлттық ғылым академиясының академиктері мен тіл саласының көрнекті өкілдері, полиглот-ғалымдар қатысты.

Мамандар шет тілдеріне деген қызығушылық аясында қазақ тілінің басымдығын сақтау маңызды екенін атап өтті. Лингвистер: «Ана тілін де осындай құлшыныспен үйрену керек. Бұл ұлттық бірегейлік пен мәдени өзін-өзі танудың негізі», – деп топшылайды. Қазақ тілін цифрлық кеңістікке одан әрі енгізу, білім беру жобаларын қолдау және тілдік ортаны дамыту бойынша ұсыныстар айтылды.

Кәрімбек Құрманәлиев, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры:

- Негізгі басымдық мемлекеттік тілге болу керек. Өйткені мемлекет тілінің аясын көтеру арқылы, мемлекет кеңесін қолдану аясын кеңейту арқылы біз келешектік, Президентіміз айтқандай, Отаншыл, елін сүйетін азаматтар дайындаймыз.

Болат Тілеп, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры:

- Әрине, осы ретте «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді ұмытпа» қағидасы бірінші кезекте тұрады. Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылып жатқан іс-шараның мақсаты, міне, негізгі осы мәселелерді талқылап, атап айтқан кезде балаларымыздың өзге тілдерімен қатар қазақ тілін де өз деңгейінде жақсы меңгеріп шығу мәселесі.